11 сағат бұрын
Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол жекпе-жек өткізгені үшін қанша табыс табады?

Фото: Richard Pelham/Getty Images
Бүгін, 22 ақпанда, Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол реванш жекпе-жегін өткізеді.
Бетербиев пен Бивол рингке көтерілгені үшін әрқайсысы міндеттелген 20 миллион доллар сыйақы алады.
Қос ресейлік боксшы арасындағы алғашқы жекпе-жек өткен жылдың 12 қазанында өтті. Бұл кездесуде Бетербиев төрешілердің басым бөлігінің шешімі бойынша жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанған болатын.
Бірінші тектіресте боксшылар жекпе-жек өткізгені үшін 10 миллион доллардан табыс тапқан.
Айта кетейік, жекпе-жек кеші бүгін сағат 22:00-де басталады. Тікелей трансляцияны біздің Telegram арнамыздан тамашалай аласыздар.
