23.02.2025

Ұлттық құрама үздіктері «Странджа» турниріне қатысады

Ұлттық құрама үздіктері «Странджа» турниріне қатысады

Фото: ҚР туризм және спорт министрлігі

Бокстан ұлттық құрама көшбасшылары Болгарияда өтетін «Странджа» турнирінде (24 ақпан – 2 наурыз) бақ сынайды. 

Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.

Биылғы бокс маусымы ұлттық құрама үшін қарқынды басталып жатыр. Жыл басынан бері қазақ боксшылары Испания мен Сербияда өткен халықаралық турнирлерге қатысып, үздік нәтиже көрсетті.
Ендігі негізгі жарыстың бірі – Болгариядағы «Странджа» турнирі. Көпшілік бұл жарысты «кіші әлем чемпионаты» деп атайды. Болгариядағы бәсекеге Қазақстан құрамасынан бөлек, Алжир, Қытай Тайпейі, Хорватия, Ұлыбритания, Уэльс, Франция, Өзбекстан, Грекия, Мажарстан, Моңғолия, Косово, Словакия, Түркия және жарыс қожайындары Болгария мемлекеттері қатысады.

Биыл ұлттық құрама қатарына бірнеше жаңа есімдер қосылды. Оның ішінде жастар арасындағы әлем чемпионы Төрехан Сабырхан бар. Жерлесіміз алғаш рет ересектер бәсекесінде өнер көрсетпек. Сонымен қатар Париж Олимпиадасының жүлдегері Нұрбек Оралбай, әлем және Азия чемпионатының жүлдегері, ұлттық құрамаға қайта оралған Абылайхан Жүсіпов, Париж Олимпиадасының қатысушылары - Айбек Орплбай, Махмұд Сабырхан мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы және тағы басқа тәжірибелі боксшылар Болгарияда шаршы алаңға шығады. Тағы бір айта кетерлігі, бірнеше боксшы басқа салмақтарда бақ сынап көреді.

Аталған турнирге Қазақстан құрамасының боксшылары 1994 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында отандық боксшылар 12 алтын, 16 күміс, 28 қола медаль жеңіп алған. Бір қызығы, бүгінге дейін бірде-бір қазақстандық боксшы бұл турнирде екі мәрте чемпион болмаған. Биылғы құрамда Теміртас Жүсіпов пен Махмұд Сабырхан бұл межені бағындыруға мүмкіндігі бар.

«Странджа» турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының боксшылары:

Ерлер:

48 кг – Теміртас Жүсіпов, Санжар Тәшкенбай

51 кг – Даниал Сәбит, Бекзат Алдамжаров

54 кг – Махмұд Сабырхан, Тимур Қабдешев

57 кг – Оразбек Асылқұлов, Дәулет Молдашев

60 кг – Талғат Сырымбетов, Серік Теміржанов

63,5 кг – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов

67 кг – Төрехан Сабырхан, Санатәлі Төлтаев

71 кг – Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тоқтасынов

75 кг – Сабыржан Аққалықов, Тимур Нұрсейітов

80 кг – Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас

86 кг – Нұрбек Оралбай, Бекзат Нұрдәулетов

92 кг – Данияр Рахымбердинов

+92 кг – Айбек Оралбай, Нұрлан Сапарбай

Әйелдер:

48 кг – Әйгерім Сәттібаева, Ақбота Болат

50 кг – Гүлнар Тұрапбай, Елянур Турганова

52 кг – Жазира Орақбаева, Жансая Рахымберді

54 кг – Элина Базарова, Әнел Сақыш, Сымбат Әлиасқар

57 кг – Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова

60 кг – Римма Волосенко, Анар Тұрсынбек

63 кг – Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева

66 кг – Ұлдана Таубай, Гаухар Шайбекова

70 кг – Әзиза Исина

75 кг – Шұғыла Нәлібай, Анастасия Баязитова

81 кг – Жібек Жарасқызы

+81 кг – Ләззат Күнгейбаева

«Қайсардың» қақпашысына Акинфеевтің арнайы сыйлығы табысталды

Футбол 12 сағат бұрын

«Қайсардың» қақпашысына Акинфеевтің арнайы сыйлығы табысталды

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын сәтті өткізді

Басқа 12 сағат бұрын

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын сәтті өткізді

Нидерландтағы турнирде Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты

Бокс 12 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты

Коко Гауфф «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды

Теннис 13 сағат бұрын

Коко Гауфф «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды

Максим Самородовтың голы үздік деп танылды

Футбол 13 сағат бұрын

Максим Самородовтың голы үздік деп танылды

Бақтиер Зайнутдинов Де Брюйнемен бір лигада ойнауы мүмкін

Футбол 15 сағат бұрын

Бақтиер Зайнутдинов Де Брюйнемен бір лигада ойнауы мүмкін