24.02.2025
Санатәли Төлтаев Странджа кубогында ширек финалға шықты

Фото: kfb.kz
\Қазақстандық боксшы Санатәли Төлтаев (67 келі) Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогында алғашқы жеңісіне жетті.
Алғашқы жекпе-жегінде ол болгариялық Эмирджан Мехмедті тізе бүктірді. Төрешілер бірауыздан оның жеңісіне қолдау білдірді. Есеп - 5:0. Ол ширек финалға шықты.
Айта кетсек, Санатәли Төлтаев 2017 жылы жастар арасында Азия чемпионы атанды. 2024 жылы Қарағандыда өткен Қазақстан чемпионатында ауруына байланысты сайыстан бас тартты. Нәтижесінде күміс жүлдегер атанды.
