27.02.2025
Берік Сұлтан: Боксшыларымыз батырлығымызды чемпиондықпен дәлелдеп жатыр
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының PR-менеджері Берік Сұлтан Kazinform тілшісіне қазақстандағы кәсіпқой бокстың деңгейі туралы өз ойымен бөлісті.
– Менің ойымша, біздің елімізде кәсіпқой бокс жоғары деңгейде дамыған. Егер олай болмағанда чемпиондар шықпайтын еді. Жәнібек еліміздегі тұңғыш және соңғы әлем чемпионы емес. Осыған дейін ағаларымыз болды, кейінгі інілеріміз де чемпион болады. Қазақты батыр халық дейміз ғой. Осы боксшыларымыз батырлығымызды чемпиондықпен дәлелдеп жатыр, - дейді ол.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов