12.03.2025
Төртінші жолдаам: Жайна Шекербекова әлем чемпионаты ширек финалына жолдама алды

Фото: Спортты дамыту дирекцмясы
Бүгін, 11 наурызда Жайна Шекербекова (54 келі) әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.
Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан дүбірлі доданың үшінші жарыс күнінде ол 1/8 финалда мексикалық Ариадна Жанет Хиль Алонсоны тізе бүктірді. Есеп - 5:0.
Айта кетсек, бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі) 1/4 финалға жолдама алды.
Енді ел құрамасынан кешкі сессияда Жасмин Қизатова (66 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) қарсыластарымен қолғап түйістіреді.
