8 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: 12 наурызда ел құрамасынан кімдер сынға түседі

Әлем чемпионаты: 12 наурызда ел құрамасынан кімдер сынға түседі

Фото: Olympic.kz

Бүгін, 12 наурызда Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде ел құрамасынан төрт боксшы сынға түседі.

Алдымен күндізгі сессияда Назым Қызайбай (48 келі) словакиялық Николь Дуриковамен кездессе, одан кейін Карина Ибрагимова (57 келі) колумбиялық Валерия Арболеда, Надежда Рябец (75 келі) Сьерра-Леоне өкілі Коромамен шаршы алаңа шығады.

Ал Наталья Богданова (70 келі) кешкі сессияда испаниялық Мас Мартинезбен қолғап түйістіреді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (50 келі), /Жайна Шекербекова (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі) ¼ финалға жолдама алды. 

Сондай-ақ алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық Олтиной Сотимбоеваны тізе бүктірген Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) енді 13 наурыз күні сербиялық Сара Милковичпен кездеседі.

Ел құрамасынан Анита Адишева (52 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) алғашқы жекпе-жегінде қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.



Әділжан Үмбет. 


Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

Футбол 3 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

Волейбол: «Қуаныш» Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

Басқа 4 сағат бұрын

Волейбол: «Қуаныш» Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

Александр Шевченко Челленджер турнирінде жеңіліс тапты

Теннис 4 сағат бұрын

Александр Шевченко Челленджер турнирінде жеңіліс тапты

Кержаков: «Қайраттың» басшылығы бапкерлік жұмысыма көп араласты

Футбол 5 сағат бұрын

Кержаков: «Қайраттың» басшылығы бапкерлік жұмысыма көп араласты

Михаил Кукушкин Челленджер турниріне жолдама алды

Теннис 5 сағат бұрын

Михаил Кукушкин Челленджер турниріне жолдама алды

Елена Рыбакина 17 жасар теннисшіге жеңіліп қалды

Теннис 5 сағат бұрын

Елена Рыбакина 17 жасар теннисшіге жеңіліп қалды