5 сағат бұрын
Қазақстандық 10 боксшы әлем чемпионаты ширек финалына шықты
Қазақстандық боксшы Наталья Богданова (70 келі) әйелдер арасындағы әлем чемпионаты ширек финалына жолдама алды.
Әлем чемпионаты Сербияның Ниш қаласында өтіп жатыр.
Ол 1/8 финалда испаниялық Мас Мартинезбен кездесті. Жекпе-жек үшінші раундта тоқтатылды.
Айта кетсек, 12 наурызда Карина Ибрагимова (57 келі) колумбиялық Валерия Мендосаны айқын басымдықпен жеңді.
Ал Назым Қызайбай (48 келі) Словакия боксшысы Николь Дурикованы тізе бүктірді.
Ел құрамасынан Надежда Рябецтің (75 келі) қарсыласы Сьерра-Леоне өкілі Корома жекпе-жектен бас тартқаны белгілі болды. Надежда осылайша 1/4 финалға өтті.
Айта кетсек, бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (50 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі) ¼ финалға жолдама алды.
Сондай-ақ Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) енді 13 наурыз күні сербиялық Сара Милковичпен кездеседі.
Ел құрамасынан Анита Адишева (52 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) алғашқы жекпе-жегінде қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
