4 сағат бұрын
Төрехан Сабырхан мансабы жайлы маңызды мәлімдеме жасады

Әуесқой бокстан 19 жастағы жарық жұлдыз - Төрехан Сабырхан алдағы уақытта Атырау облысының атынан өнер көрсетеді. Ол бұл жайлы өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады:
"Бір маңызды жаңалықпен бөлісейін деп ем. Мен бұдан былай Атырау облысының намысын қорғаймын! Маған мұндай мүмкіндік берген Атырау облысы бокс федерациясының басшысы Бауыржан Каримовке алғыс айтқым келеді.
Барлықтарыңыз білесіздер, осыған дейін мен Түркістан облысының намысын қорғап, осы күнге дейінгі қол жеткізген жеңістерімді осы өңірдің боксшысы ретінде тіркедім. Ол үшін киелі Түркістан облысы федерация өкілдеріне рақмет айтамын.
Құрметті жанкүйер, мен алда ел ішінде Атырау намысын қорғағаныммен, сыртты бүкіл елдің, Қазақтың намысын қорғаймын!
Жеңісті күнде жүздескенше!"
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан бұған дейін 2024 жылғы ел чемпионатында Түркістан облысы атынан шығып, 67 келіде топ жарған болатын.
