3 сағат бұрын
Төртінші финал: Аида Әбікеева әлем чемпионатының шешуші кезеңіне шықты

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында кезекті отандасымыз бақ сынады.
63 келідегі Аида Әбікеева 1/2 финалда Еуропа чемпионатының жүлдегері, Ресей атынан шыққан Елена Бабичева жолықты. Аида жекпе-жек барысында қарсыластың екпініне төтеп беріп қана қоймай, нық соққыларын жиі дарыта білді. Есеп: 5:0
