5 сағат бұрын
Наталья Богданова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында бесінші спортшымыз өнер көрсетті.
70 келіге көтерілген Наталья Богданова 1/2 финалда әлем чемпионы, Ирландия боксшысы Лиса Едел О’Руркпен кездесті. Қос спортшы да алма-кезек басымдыққа ие болып, нәтижесінде 3:4 есебімен айқас Лиса Едел О’Рурктың пайдасына шешілді.
