10 сағат бұрын
Әлем чемпионатына қай елден қанша боксшы шықты

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты финалына шыққан боксшылар саны жөнінен Қазақстан көш бастап тұр.
Ертең, 16 наурызда елімізден финалда Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі) және Елдана Таәліпова (81 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Бес былғары қолғап шебері алтынға таласатын Қазақстан құрамасы финалға шыққан спортшылар саны жөнінен Ресеймен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.
Үшінші орындағы Түркияның үш боксшысы финалда сайысқа түссе, Қытай, Таиланд және Ирландия - 2, Марокко, Солтүстік Корея, Сербия және Өзбекстан - 1 спортшысына сенім артады.
Әлем чемпионатына ел құрамасында 12 боксшы атттанған еді. Олардың арасынан жарыстың түрлі сатысында Анита Адишева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) қарсыластарына есе жіберіп қойды.
