12 сағат бұрын
Виктория Графеева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фото: ҚР Спорт комитеті
Қазақстандық Виктория Графеева (60 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты күміс жүлдегері болды.
Финалда Виктория ресейлік Нуне Асатрянмен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында ол қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Енді ел құрамасынан Аида Әбікеева (63 келі) таиландтық Тананья Сомнуекпен, Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) қытайлық Илян Чжанмен шаршы алаңға шығады.
