4 сағат бұрын
Әлем чемпионаты: Елдана Тәліпова күміс жүлдені қанағат тұтты

Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Бокстан әлем чемпионатында Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) күміс жүлдені қанағат тұтты.
Ол финалда қытайлық Илян Чжанге есе жіберді. Ал Виктория Графеева (60 келі) үміс жүлдені қанағат тұтты.
Ел құрамасынан Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Аида Әбікеева (63 келі) әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ ел құрамасынан Наталья Богданова (70 келі) қола жүлдегер атанды.
Әлем чемпионатына ел құрамасында 12 боксшы аттанған еді. Олардың арасынан жарыстың түрлі сатысында Анита Адишева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) қарсыластарына есе жіберіп қойды.
