5 сағат бұрын

Әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшылар жеңісін кімге арнайды

Әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшылар жеңісін кімге арнайды

Бокстан 2025 жылғы Әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Аида Әбікеева (63 келі) алған жүлдесі жөнінде пікірін білдірді. 

Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.

https://www.instagram.com/boxingkazakhstan/?hl=en

Ел құрамасынан алғашқы алтын медальды Назым Қызайбай салды. Ол финалда ресейлік Юлия Чумгалаковадан басым түсті. Нәтижесінде Назым қазақстандық боксшылар арасынан тұңғыш мәрте үш дүркін әлем чемпионы атанды.

- Париж Олимпиадасынан кейін алты айдан астам уақыт өтті. Мемлекет басшысымен жүздесу барысында алда жоғары жетістікке қол созамын деп уәде берген едім. Сол уәденің үдесінен шыққаныма қуаныштымын. Қаншама жыл тер төктім. Бұл -тек қана менің жеңісім емес. Құраманың ортақ табысы деп бағалаймын. Бапкерлер біздің дайындығымызға көп көңіл бөлді. Дәрігерлер және басқа да мамандардың еңбегі ұшан-теңіз. Әрбір жекпе-жекке жақсы дайындық жасауымызға назар аударды, - деді ол. 

Ал Алуа Балқыбекова (50 келі) финалда қытайлық Ху Мэйиді 5:0 есебімен жеңіп, өз мансабында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Ол 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола жүлде алған еді. 

- Бапкерлер қойған тактиканы толықтай орындап шығуға күш салдым. Жекпе-жек барысында олар қай нәрсеге күш салу қажеттігін айтып отырды. Тапсырманы толықтай атқарып шықтым деген ойдамын. Бұл - менің өмірімдегі екінші финалым. Осының алдында финалда есе жіберген сәтімде өкініш өзегімді өртеген еді. Сондықтан осы жолы өзімнің арманыма жеткеніме қуаныштымын. Қолдау білдірген қазақстандық барлық жанкүйерге ризашылығым шексіз. Жеңісімді Отаныма, отбасым арнаймын, - деді Алуа. 

Сондай-ақ Аида Әбікеева (63 келі) бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионы атанды. Ол финалда таиландтық Тананья Сомнуекті тізе бүктірді.

- Әлем чемпионы атануға барымды салдым. Сәттілік жолдас болып, жеңіс тұғырына көтерілдім. Жеңісімді марқұм атам мен әжеме арнаймын. Қолдау білдірген отбасыма ризашылығым шексіз. Менің дайындық жасауыма көңіл бөлген Қазақстан бокс федерациясы, Қарағанды облысы әкімдігіне алғыс айтамын. Алдағы мақсатым - жанкүйерлерді жеңісіммен қуанту, - деді Аида.

Финалда қарсыластарына есе жіберген Ал Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) күміс жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ ел құрамасынан Наталья Богданова (70 келі) қола жүлдегер атанды.

Әлем чемпионатына ел құрамасында 12 боксшы аттанған еді. Олардың арасынан жарыстың түрлі сатысында Анита Адишева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Пара үстел теннисіндегі жетістік: Алтынай Ержанқызы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды

Теннис 41 минут бұрын

Пара үстел теннисіндегі жетістік: Алтынай Ержанқызы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды

456 мың АҚШ доллары: Әлем чемпионатында қай боксшымыз сыйақы алды?

Бокс 55 минут бұрын

456 мың АҚШ доллары: Әлем чемпионатында қай боксшымыз сыйақы алды?

Ауыр жарақат: Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады

Футбол 1 сағат бұрын

Ауыр жарақат: Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады

Шахмұрат Мүтәліп боксшылардың әлем чемпионатындағы жетістіігіне не әсер еткенін айтты 

Бокс 2 сағат бұрын

Шахмұрат Мүтәліп боксшылардың әлем чемпионатындағы жетістіігіне не әсер еткенін айтты 

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталады

Теннис 2 сағат бұрын

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталады

Асхат Жантұрсынов рингке қашан оралады?

Бокс 2 сағат бұрын

Асхат Жантұрсынов рингке қашан оралады?

A PHP Error was encountered

Severity: Core Warning

Message: Module 'imagick' already loaded

Filename: Unknown

Line Number: 0

Backtrace: