2 сағат бұрын
Мемлекет басшысы Назым Қызайбайды құттықтады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем чемпионы атанған Назым Қызайбайды құттықтады.
«Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін», – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.
Еске салсақ, күні кеше Назым 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш дүркін Әлем чемпионы атанған еді.
