7 сағат бұрын

Елдос Сайдалин қазақстандық боксшылардың жетістігіне не әсер еткенін айтты 

Елдос Сайдалин қазақстандық боксшылардың жетістігіне не әсер еткенін айтты 

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатын қорытындылады.

Дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алды. 

Ел құрамасынан Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Аида Әбікеева (63 келі) чемпион атанды.

Финалда қарсыластарына есе жіберген Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) күміс жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ ел құрамасынан Наталья Богданова (70 келі) қола жүлдегер болды.

- Барша Қазақ еліне қыздарды алғашқы күннен қолдап жатқанынан ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл жеңіс - бәрімізге ортақ. Әнұранымыз үш мәрте шырқалып, көк туымыз желбіреді. Назым әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Осы орайда барлық бапкерлерді, дәрігерлерді және басқа да мамандарды жеңіспен құттықтаймын. Ауызбірліктің арқасында осындай табысқа жеттік, - деді ол.
Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Бокс

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Уэльс кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

Футбол 28 минут бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Уэльс кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

Таеквондодан ел чемпионаты аяқталды: Қай облыстың жеткіншектері топ жарды?

Басқа 34 минут бұрын

Таеквондодан ел чемпионаты аяқталды: Қай облыстың жеткіншектері топ жарды?

Қазақстандық футбол функционері Абдукодир Хусановқа «Гелендваген» көлігін сыйлады

Футбол 39 минут бұрын

Қазақстандық футбол функционері Абдукодир Хусановқа «Гелендваген» көлігін сыйлады

Азия чемпиондар лигасы: Криштиану Роналдудың клубы 1/4 финалда кіммен ойнайды?

Күрес 1 сағат бұрын

Азия чемпиондар лигасы: Криштиану Роналдудың клубы 1/4 финалда кіммен ойнайды?

Елдос Сметов елге қашан келеді?

Дзюдо 1 сағат бұрын

Елдос Сметов елге қашан келеді?