6 сағат бұрын
Асхат Жантұрсынов рингке қашан оралады?

Фото: instagram/askat_zhantursynov
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Жантұрсынов (8-1, 7 КО) келесі жекпе-жегін 29 наурызда Таиланд астанасы Бангкокта өткізеді.
BoxRec порталының мәліметінше, отандасымыз жекпе-жек кешінде жергілікті боксшы Вирапат Камлангваймен (7-4, 4 КО) қолғап түйістіреді. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек 4 раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Жантұрсынов соңғы жекпе-жегінде түркиялық Фуркан Эртюркті (0-3) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
