6 сағат бұрын
Шахмұрат Мүтәліп боксшылардың әлем чемпионатындағы жетістіігіне не әсер еткенін айтты

Фото: kfb.kz
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Сербияда өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатын қорытындылады.
Дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алды.
Ел құрамасынан Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Аида Әбікеева (63 келі) алтын, Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) күміс, Наталья Богданова (70 келі) қола жүлдегер болды.
- Нәтиже өте жақсы деп ойлаймын. Араға он жыл салып, қазақстандық боксшылар 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алып, керемет көрсеткішке қол жеткізді. Боксшыларды қолдауға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отыр. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде биік белесті бағындырып отырмыз. Тағы бір тарихи тіркелді. Ол - Назым Қызайбайдың үш дүркін әлем чемпионы болғаны. Бұл да еліміздің бокс тарихындағы жоғары жетістік деп ойлаймын, - деді ол.
