5 сағат бұрын

456 мың АҚШ доллары: Әлем чемпионатында қай боксшымыз сыйақы алды?

456 мың АҚШ доллары: Әлем чемпионатында қай боксшымыз сыйақы алды?

Қазақстандық қыздар Ниште (Сербия) өткен бокстан әлем чемпионатында 456 мың доллар жүлде қорын жеңіп алды.

Биыл IBA турнирінде жеңіске жеткен боксшыларға 100 мың доллардан төлейтіндігі жайлы айтылған. Ең жоғары сыйақыны Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Аида Әбікеева (63 келі) алды. Күміс жүлдегерлер Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (+81 келі) әрқайсысы 50 мың доллардан еншілейді. Ал қола жүлдегер Наталья Богданова (70 келі) 25 мың доллар иеленеді.

Биыл алғаш рет ширек финалистерге де ынталандыру сыйақысы берілді. Бұл тізімге Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Жасмин Қизатова (66 келі) және Надежда Рябец (75 келі) кіріп, 10 мың долларға ие болды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мемлекет тарапынан да сыйақы қарастырылған. Чемпиондар – Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева - 15 000 доллар, күміс жүлдегерлер – Виктория Графеева, Елдана Тәліпова – 7 000 доллар, қола жүлдегер Наталья Богданова – 5 000 доллармен марапатталады.

Спортшылармен қатар, жаттықтырушылар да елеусіз қалмайды. Нақтырақ айтсақ, чемпион тәрбиелеген бапкер - 10 000 доллар, екінші орын иегері - 5 000 доллар, қола жүлдегер 3 000 долларға иеленбек. Бұл ақша ұлттық құраманың бас бапкері, спортшының жеке бапкері және алғашқы бапкері арасында бөлінеді.

Сыйақыдан бөлек, Ниште өткен әлем чемпионатында қазақ боксы үшін тарихи оқиға тіркелді. Ең жеңіл салмақтағыНазым Қызайбай еліміздің тарихында үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы болды. Ол бұған дейін Ченжуда (2014), Астанада (2016) алтын алып, Циньхуандаода (2012) қола жүлде иеленген еді.



Қазақстанда биыл  9 футбол алаңы жаңартылады

Футбол 6 минут бұрын

Қазақстанда биыл  9 футбол алаңы жаңартылады

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Бокс 21 минут бұрын

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Уэльс кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

Футбол 2 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Уэльс кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

Таеквондодан ел чемпионаты аяқталды: Қай облыстың жеткіншектері топ жарды?

Басқа 2 сағат бұрын

Таеквондодан ел чемпионаты аяқталды: Қай облыстың жеткіншектері топ жарды?

Қазақстандық футбол функционері Абдукодир Хусановқа «Гелендваген» көлігін сыйлады

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстандық футбол функционері Абдукодир Хусановқа «Гелендваген» көлігін сыйлады

Азия чемпиондар лигасы: Криштиану Роналдудың клубы 1/4 финалда кіммен ойнайды?

Күрес 2 сағат бұрын

Азия чемпиондар лигасы: Криштиану Роналдудың клубы 1/4 финалда кіммен ойнайды?