1 сағат бұрын

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Америкалық орта салмақтағы боксшы Остин Уильямс (18-1, 12 КО) өз салмағындағы кез келген чемпионмен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Аммо» рингте кездесуге дайын екенін білдірген қарсыластардың қатарында Қазақстандық WBO/IBF әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) да бар.

— Мен Эддиден [Хирн]: «Аммо» үшін ендігі қадам қандай?» деп сұрадым. Ол: «Үлкен жекпе-жектер – Адамес, Лара, Жәнібек. Қайсысымен жұдырықтасқың келеді?» – деп жауап берді.

— Үшеуімен де. Кез келгенімен. Мен үшін айырмашылық жоқ. Ларамен кездесу ең қисындысы болар еді. Өйткені мен WBA рейтингінде жоғары тұрмын. Адамеспен де жекпе-жек өткізуге әзірмін. Ол жуырда менің соңғы жекпе-жегімде жеңілген жігітпен (Хамза Шираз – ред.) жұдырықтасып, айқасы тең нәтижемен аяқталды. Мен дайынмын. WBC рейтингінде де жақсы позициядамын. Сондықтан Адамеспен де, Жәнібекпен де айқасуға қарсы емеспін...

Мен нақты бір қарсылас таңдай алмаймын, бірақ менің мақсатым – әлем чемпиондық атақтары үшін жекпе-жек өткізу. Орта салмақтағы барлық титулды біріктіре алатын жігіт – менмін, – деді Уильямс IFL TV арнасына берген сұхбатында.


Қазақстанда биыл  9 футбол алаңы жаңартылады

Футбол 58 минут бұрын

Қазақстанда биыл  9 футбол алаңы жаңартылады

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Бокс 1 сағат бұрын

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Уэльс кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

Футбол 2 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Уэльс кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

Таеквондодан ел чемпионаты аяқталды: Қай облыстың жеткіншектері топ жарды?

Басқа 3 сағат бұрын

Таеквондодан ел чемпионаты аяқталды: Қай облыстың жеткіншектері топ жарды?

Қазақстандық футбол функционері Абдукодир Хусановқа «Гелендваген» көлігін сыйлады

Футбол 3 сағат бұрын

Қазақстандық футбол функционері Абдукодир Хусановқа «Гелендваген» көлігін сыйлады

Азия чемпиондар лигасы: Криштиану Роналдудың клубы 1/4 финалда кіммен ойнайды?

Күрес 3 сағат бұрын

Азия чемпиондар лигасы: Криштиану Роналдудың клубы 1/4 финалда кіммен ойнайды?