4 сағат бұрын
Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жекпе-жекке шығуға толық дайын екенін айтты

Фото: Sport12.kz
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Канеломен қарсылас болуға толық дайын екенін айтты. Бұл жөнінде ол «Seconds Out» YouTube арнасына сұхбатында мәлімдеді.
- Мен Канеломен жекпе-жекке шығуға толық дайынмын. Ол мен үшін ешбір қиын емес. Жекпе-жектен ерекше ештеңе байқап отырған жоқпын, ол бұрынғыдай белсенді емес», - деді Жәнібек.
Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атанса, сол жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
2015 жылдан бері кәсіпқой бокста 16 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен.
Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні елордада «Барыс Арена» спорт кешенінде франциялық Анауэл Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жекпе-жекке шығады.
