19.03.2025
Назым Қызайбай мансабын аяқтай ма?

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сейдалин үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың алдағы жоспары туралы айтып берді.
— Назым Қызайбай осыған дейін үшінші чемпиондықты мақсат еткен. Әлем чемпионатындағы триумфтан кейін сіз Назыммен жеке сөйлестіңіз бе? Ол әуесқой бокстағы мансабын жалғастыра ма,— деді Tengri Sport тілшісі.
— Жоқ, мансабын аяқтау туралы әңгіме болған жоқ. Ол әлі де жұдырықтасуға қауқарлы. Құрама Олимпиадаға дайындық үстінде. Біз жазғы ойындардың чемпионы атанып, тарих жасағымыз келеді,— деді Елдос Сейдалин.
Еске салсақ, 31 жасар Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өткен әлем біріншілігінде топ жарып, үш дүркін чемпион атанған еді.
