19.03.2025

Елдос Сайдалин: 2028 жылғы жазғы Олимпиадаға дайындықты бастап кеттік

Елдос Сайдалин: 2028 жылғы жазғы Олимпиадаға дайындықты бастап кеттік

Бокстан Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Біздің спортшылар үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады. Осы орайда ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин өз пікірімен бөлісті.

"Біз қазірдің өзінде 2028 жылғы Олимпиадаға дайындықты бастадық. Әртүрлі құраммен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Бұл болашақ Олимпиадаға әр жас санатынан үміткерлер болатынын білдіреді. Жас спортшылар тәжірибелі боксшылардан үйренсе, тәжірибелі спортшылар жастардың талпынысынан шабыт алады. Бұл команданың жалпы деңгейіне оң әсерін тигізеді.

Спортшылар мен жаттықтырушылардың ынтасы мен талпынысы өте жоғары. Біз маусымды жақсы қарқында бастап, 2025 жыл жемісті болады деп үміттенеміз," – деп атап өтті Сайдалин.

Әлем чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының ойын кестесі жарияланды

Хоккей 4 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының ойын кестесі жарияланды

World Boxing: Даниял Сапарбай жартылай финалға шықты

Бокс 4 сағат бұрын

World Boxing: Даниял Сапарбай жартылай финалға шықты

EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы Латвиядан жеңілді

Футбол 9 сағат бұрын

EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы Латвиядан жеңілді

Наурыз айының ең үздік жекпе-жегі белгілі болды

ММА/UFC 9 сағат бұрын

Наурыз айының ең үздік жекпе-жегі белгілі болды

Елдос Сметов: Ағылшын тілін үйрену қиынға соғып жатыр

Дзюдо 10 сағат бұрын

Елдос Сметов: Ағылшын тілін үйрену қиынға соғып жатыр

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі белгілі болды

Хоккей 11 сағат бұрын

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі белгілі болды