20.03.2025
Бокс: Әлем чемпионатының жүлдегерлері тағы да қосымша сыйақы алады

Бокстан 2025 жылы Ниш қаласында (Сербия) өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тағайындаған ақшалай сертификаттардан бөлек, дәл сондай көлемдегі сыйақыны Қазақстан бокс федерациясынан да алады, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстан бокс федерациясы төмендегі спорьшыларға да қаржылай сыйақы табыстайды:
Назым Қызайбай – 100 мың АҚШ доллары
Алуа Балқыбекова – 100 мың АҚШ доллары
Аида Әбікеева – 100 мың АҚШ доллары
Виктория Графеева – 50 мың АҚШ доллары
Елдана Талипова – 50 мың АҚШ доллары
Наталья Богданова – 25 мың АҚШ доллары
Бұдан бөлек, бапкерлер мен дәрігерлерге де Қазақстан бокс федерациясы тарапынан сыйақы қарастырылған.
Айта кетейік, бұндай сыйақы беру Қазақстан бокс федерациясы тарапынан дәстүрлі түрде жалғасып келеді.
