21.03.2025

Назым Қызайбай: 15 жасымда айлығымды жинап, әпкемнің құдалығын өткізіп бердім

Назым Қызайбай: 15 жасымда айлығымды жинап, әпкемнің құдалығын өткізіп бердім

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай алғашқы табысын отбасы игілігіне жұмсағаны туралы айтып берді.

Бұл туралы ол Qazaqstan ұлттық телеарнасы эфиріндегі «1001 Түн» бағдарламасында сөз қозғады.

— Бала кезімнен әрқашан отбасыма көмектескім келетін. 15 жасымда құрамаға қосылып айлық ала бастадым, сол кезден қаражат жинай бердім. Бір күні Қостанай қаласында жарыста жүргенімде, әпкемді алып қашып кетті деген хабар келді. Шыны керек бұл жаңалықты естігенде, қатты қуандым. Себебі жездемді ата-анамыз танымаса да, мен жақсы білуші едім. Біз Жетіген ауылында бірге тұратынбыз, сондықтан оған сенімім мол еді. Сол кезде жиған-терген бар ақшамды ата-анама беріп, құдалық жасауға және әпкемнің артынан апаратын жасауын алуға көмектестім,– деді Назым Қызайбай.

Еске салсақ, 31 жасар Назым Қызайбай жақында Сербияның Ниш қаласында өткен әлем біріншілігінде топ жарып, үш дүркін чемпион атанған еді.

Әлем чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының ойын кестесі жарияланды

Хоккей 4 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының ойын кестесі жарияланды

World Boxing: Даниял Сапарбай жартылай финалға шықты

Бокс 4 сағат бұрын

World Boxing: Даниял Сапарбай жартылай финалға шықты

EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы Латвиядан жеңілді

Футбол 9 сағат бұрын

EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы Латвиядан жеңілді

Наурыз айының ең үздік жекпе-жегі белгілі болды

ММА/UFC 9 сағат бұрын

Наурыз айының ең үздік жекпе-жегі белгілі болды

Елдос Сметов: Ағылшын тілін үйрену қиынға соғып жатыр

Дзюдо 10 сағат бұрын

Елдос Сметов: Ағылшын тілін үйрену қиынға соғып жатыр

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі белгілі болды

Хоккей 11 сағат бұрын

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі белгілі болды