6 күн бұрын

Баходир Жалолов: 2-3 айда Александр Усикпен жұдырықтасуға дайын боламын

Баходир Жалолов: 2-3 айда Александр Усикпен жұдырықтасуға дайын боламын

Жеңіліп көрмеген өзбек боксшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украиналық Александр Усикті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sport12.kz

Жалолов 2021 және 2024 жылдары өткен Олимпиада ойындарында аса ауыр салмақта топ жарды. Кәсіпқой рингте оның еншісінде қатарынан 14 жеңіс бар.

«Маған екі-үш ай уақыт беріңіздер, сонда Усикке дайын боламын. Маған Усикпен және Энтони Джошуамен күш сынасу қызық болар еді, себебі олар да Олимпиада чемпиондары. Сонымен қатар, кәсіпқой бокста үлкен жетістікке жетті. Мен келе жатырмын, жігіттер! Абай болыңдар!» – деді Жалолов The Ring басылымына берген сұхбатында.

Александр Усик кәсіпқой бокста 23 жекпе-жек өткізіп, 23 жеңіске жеткен. Ол 2012 жылы Лондон Олимпиадасында чемпион атанған.

20 миллионның жыры: Асхат Тағыбергеннің «Тобылдағы» жалақысы белгілі болды

Футбол 38 минут бұрын

20 миллионның жыры: Асхат Тағыбергеннің «Тобылдағы» жалақысы белгілі болды

Мексикадағы сенсация: Қазақстандық теннисші Челленджер турнирінде топ жарды

Теннис 1 сағат бұрын

Мексикадағы сенсация: Қазақстандық теннисші Челленджер турнирінде топ жарды

Қазақстандық төрешілер Ұлттар лигасының матчында қазылық етеді

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстандық төрешілер Ұлттар лигасының матчында қазылық етеді

Mastercard – Freedom QJ League 2025 жылғы маусымда серіктестікті жалғастырады

Футбол 3 сағат бұрын

Mastercard – Freedom QJ League 2025 жылғы маусымда серіктестікті жалғастырады

Осы аптада қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

Басқа 3 сағат бұрын

Осы аптада қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

Жәнібек Әлімханұлының бокс кешіне дейін бірқатар ірі іс-шаралар өтеді

Бокс 3 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлының бокс кешіне дейін бірқатар ірі іс-шаралар өтеді