6 күн бұрын
Әлем кубогы: Бокстан Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

Қазақстан Бокс федерациясының баспасөз қызметі Бразилияда World Boxing аясында өтетін 2025 жылғы Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Турнирге ұлттық құрамадан келесі боксшылар қатысады:
- 50 кг – Нұрзат Оңғаров;
- 55 кг – Нұрсұлтан Алтынбек;
- 60 кг – Талғат Сырымбетов;
- 65 кг – Алмат Әбдуәлі;
- 70 кг – Дархан Дүйсебай;
- 80 кг – Диас Молжігітов;
- 85 кг – Дәулет Төлемісов;
- +90 кг – Даниял Сапарбай.
World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 30 наурыз – 6 сәуір аралығында Бразилияда өтеді. Eкінші кезең 30 маусым – 7 шілде аралығында Қазақстанда ұйымдастырылады. Aл үшінші кезең 21–27 шілде аралығында өтеді. Бірақ оның өтетін орны әзірге белгісіз.
Еске сала кетейік, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин World Boxing ұйымының Олимпиада комиссиясының төрағасы саналады.
