3 күн бұрын
Сәкен Бибосынов: Әкем өмірден өтпей тұрып жетістікке жете алмағаныма өкінемін

Бокстан әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионатының үш мәрте жүлдегері Сәкен Бибосынов @aqyrys_seitqazy арнасына берген сұхбатында не нәрсеге өкінетінін айтты.
- "Жақсы нәтижеге ерте жетпегеніме өкінемін. Себебі, әкем өмірден өтіп, үй салып, көлігін әперіп дегендей қызметімді көрсете алмадым. Әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды дейді ғой. Үш ұл үшін аянбай еңбек етті. Ешкімнен кем болмасын, жұрт қатарлы білім алсын деп, таңмен таласа тауға баратын. Егіншілікпен айналысты. Ата-анама алғысым шексіз. Біздің болашағымыз үшін ақшаны аямай, инвестиция құйды. Өздеріне қимай, өмірлерін балаларына арнады. Бәлкім, бұдан ертерек жүлде алғанымда, әкем де риза болар ма еді. Бұл жайт алғашқы әлем чемпионатына бармай тұрып болды. Өкінішке қарай, жаман аурумен бір жарым жылдай алысып, өмірден өтті. Сол кезде үлкен ағам сен боксыңмен айналаса бер, өзім қараймын деп айтты. Қазіргі таңда әке мен аға ретінде екі ағам бар", - деді Сәкен Бибосынов.
Айта кетейік, қазіргі сәтте Сәкен Бибосынов жарақатынан айығып, ұлттық құрамамен бірге оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.
