4 күн бұрын

Астанадағы бокс кеші: Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі қай телеарнадан көрсетіледі?

Астанадағы бокс кеші: Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі қай телеарнадан көрсетіледі?

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) мен франциялық Анауэл Нгамиссенгенің (14-0, 9 КО) Астанада өтетін жекпе-жегі қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды.

Елордада 5 сәуір күні болатын бокс кеші «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. 

Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.

Бокс кеші «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналарынан тікелей көрсетіледі.

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атанса, сол жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

2015 жылдан бері кәсіпқой бокста 16 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен.

Бокс кешінің бағдарламасында өзге де қазақстандық спортшылар сынға түседі. Атап айтқанда, жанкүйерлер Сұлтан Зауырбек пен Азинга Фузиле, Батыр Жүкембаев пен Кейн Гарднер, Балауса Мұздиман мен Розалинда Родригес жекпе-жегін көруіне мүмкіндігі бар.

Оған қоса кәсіпқой рингте ағайынды Сабырхандар - Махмұд пен Төрехан, оған қоса өзбекстандық Баходир Жалоловтың бәсекесі өтеді деп жоспарланып отыр.

ҚПЛ өткен маусымының үздіктері марапатталды

Футбол 9 минут бұрын

ҚПЛ өткен маусымының үздіктері марапатталды

20 миллионның жыры: Асхат Тағыбергеннің «Тобылдағы» жалақысы белгілі болды

Футбол 52 минут бұрын

20 миллионның жыры: Асхат Тағыбергеннің «Тобылдағы» жалақысы белгілі болды

Мексикадағы сенсация: Қазақстандық теннисші Челленджер турнирінде топ жарды

Теннис 1 сағат бұрын

Мексикадағы сенсация: Қазақстандық теннисші Челленджер турнирінде топ жарды

Қазақстандық төрешілер Ұлттар лигасының матчында қазылық етеді

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстандық төрешілер Ұлттар лигасының матчында қазылық етеді

Mastercard – Freedom QJ League 2025 жылғы маусымда серіктестікті жалғастырады

Футбол 3 сағат бұрын

Mastercard – Freedom QJ League 2025 жылғы маусымда серіктестікті жалғастырады

Осы аптада қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

Басқа 3 сағат бұрын

Осы аптада қандай спорттық іс-шаралар өтеді?