3 күн бұрын
Жайна Шекербекова келесі Олимпиадаға бара ма?

Бокстан әйелдер ұлттық құрамасының ең егде спортшысы Жайна Шекербекова "Спорт министрі" арнасына берген сұхбатында 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасы бойынша өз ойымен бөлісті.
- Дәл қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Барлығын уақыт көрсетеді. Әрине, сәті келіп жатса, бабым мен бағым қатар келсе, қолдан келгенімді аямаймын. Егер өзіме деген сенімсіздікті байқасам, жастарға орнымды беруге дайынмын. Алдағы жоспарым - қыз баласы болған соң, тұрмыс құрып, ұрпақ қалдырсам деймін. Елін сүйетін, патриот ұрпақ тәрбиелесем деймін", - деді Жайна Шекербекова.
Айта кетейік, 35 жастағы отандасымыз Сербияда өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысып, 1/4 финалда жарыс қожайыны Сара Сирковичке 3:4 есебімен жол берген болатын.
