3 күн бұрын
Нұрбек Оралбай: Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыққан соң, телефонға дамыл бермеді

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай төрт жылда бір өтетін басты дода кезінде халықтың қысымы мен әлеуметтік желілердегі пікірлердің спортшыларға қалай әсер еткенін айтты.
«Жанкүйерлердің пікірін көріп қаласың»
— Мен жартылай финалға шыққаннан кейін үш күн демалдым. Ол жақта телефонсыз жүру мүмкін емес. Үйдегілер жазады, жауап бересің, сол кезде жанкүйерлердің пікірін де байқап қаласың. Осыдан кейін бүкіл халықтың үмітін ақтауға тырысасың, бұл психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Парижден кейін әлеуметтік желілердегі жазбаларға мән бермеуге болмайтынын түсіндім, — деді Нұрбек Оралбай.
