3 күн бұрын
Бокстан Әлем кубогына қатысатын әйелдер құрамасы анықталды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бокстан Әлем кубогына қатысатын бұрымды боксшылар белгілі болды.
Қазақстан бокс федерациясының мәлімдеуінше, World Boxing ұйымдастыруымен өтетін Әлем Кубогына қатысу үшін үш боксшы Бразилияға аттанды.
31 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтетін бұл бәсекеде Жазира Орақбаева (51 келі), Анита Адишева (54 келі) және Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) бақ сынайды.
Сербиядағы әлем чемпионатына қатысқан спортшыларға аз уақыт демалыс берілді, олар қалыпқа келу кезеңінен өтеді.
Ал қалған боксшылар 26 наурыз бен 10 сәуір аралығында Жанашар ауылындағы олимпиадалық базада өтетін жаттығу жиынынан соң, Баку (Әзербайжан) мен Хабаровсктегі (Ресей) халықаралық турнирлерге қатысады.
