3 күн бұрын
Әлем кубогына қатысатын бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық үш боксшы әйелдер арасындағы әлем кубогына қатысады.
Дүбірлі дода Бразилияда 31 наурыз-5 сәуір аралығында өткізіледі. Бұл жарысты WORLD BOXING ұйымдастырып отыр.
- Әлем кубогында еліміздің атынан Жазира Орақбаева (51 келі), Анита Адишева (54 келі) және Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) бақ сынайды.
Бүгінде әйелдер құрамасы Алматы облысы Жанашар ауылындағы олимпиадалық базада кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бас бапкер Елдос Сайдалин бастаған команда бұл жерде 26 наурыз-10 сәуір аралығы дайындалады, - деп жазылған федерация таратқан хабарламада.
Федерация мәліметінше, Сербиядағы әлем чемпионатына қатысқан спортшыларға аз уақыт демалыс берілді. Олар қалыпқа келу кезеңінен өтеді. Ал қалған боксшылар жаттығу жиыынан соң Баку (Әзербайжан) мен Хабаровсктегі (Ресей) халықаралық турнирлерге қатысады.
