2 күн бұрын
Василий Ломаченко рингке орала ма?

Танымал бокс промоутері, Top Rank Боб ұйымының басшысы Боб Арум жеңіл салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы украиналық Василий Ломаченконың болашағына қатысты ойын бөлісті.
«Ломаченконың болашағы дейсіз бе? Шыны керек, әрі қарай не боларын түсінсем бұйырмасын. Білуімше, ол арқасындағы күрделі жарақатын емдеп жатыр. Егер соны емдесе, ол шаршы алаңға оралады, әйтпесе Ломаченконы көрмеуіміз мүмкін», – деді Арум.
Бұған дейін Top Rank-қа Ломаченкоға қатысты ұсыныс түскен. WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы америкалық Джервонта Дэвис украиналықтың бабын байқап көргісі келген.
