2 күн бұрын

Әлем кубогы: Алғашқы қарсыластарымыз кім?

Әлем кубогы: Алғашқы қарсыластарымыз кім?

Бокстан World Boxing ұйымы өткізгелі жатқан Фос-ду-Игуасудағы (Бразилия) Әлем кубогының жеребе тарту рәсімі өтті. Бұл жарысқа әлемнің 19 елінен 130 спортшы жүлдеге таласады. Азия құрлығынан Қазақстан, Өзбекстан, Тайпей, Үндістан бар.

  • 50 келі. 8 боксшы

¼ финал. Нұрзат Оңғаров – Асылбек Жалилов (Өзбекстан, 2024 жылғы Азия чемпионы)

  • 55 келі. 12 боксшы

1/8 финал. Нұрсұлтан Алтынбек – Майкл Триндаде (Бразилия, Париж Олимпиадасының қатысушысы, 2021 жылғы Әлем чемпионатының ширек финалында Махмұд Сабырханға есе жіберген)

  • 60 келі. 7 боксшы

¼ финал. Талғат Сырымбетов – Луиз Оливейра (Бразилия, Париж Олимпиадасының қатысушысы)

  • 65 келі. 10 боксшы

1/8 финал. Алмат Әбдуәлі – Юри Рейес Фалькао (Бразилия, 2023 жылғы әлем чемпионатының қатысушысы)

Бұл жұптың жеңімпазы ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Асахуджа Муйдинхуджаевпен (Өзбекстан) жұдырықтасады.

  • 70 келі. 12 боксшы

¼ финал. Дархан Дүйсебай.

Ширек финалда Макан Траоре (Франция, Париж Олимпиадасының қатысушысы, 2023 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Асланбек Шымбергеновке есе жіберген) мен Криштиану Перейраның (Бразилия) жеңгенімен шығады.

  • 80 келі. 11 боксшы

¼ финал. Диас Молжігітов – Никоден Козак (Польша)

Жартылай финалда 2021 жылғы әлем чемпионы Робби Гонзалес (АҚШ) немесе 2024 жылғы Азия чемпионы Жавохир Умматалиевпен кездесуі мүмкін.

  • 85 келі. 7 боксшы

½ финал. Дәулет Төлемісов.

Жартылай финалда Абдулайе Траоре (Франция, биыл «Странджа» турнирінде Бекзат Нұрдәулетовтен жеңілді) немесе Жугно Жугномен (Үндістан, 2024 жылы өткен 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының қола жүлдегері) айқасады.

  • +90 келі. 7 боксшы

¼ финал. Даниял Сапарбай – Нарендер (Үндістан, 2023 жылғы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері)

Жартылай финалда Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) күтіп тұр.

Жарыс 5 сәуірде мәресіне жетеді.

Әлем чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының ойын кестесі жарияланды

Хоккей 19 минут бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының ойын кестесі жарияланды

World Boxing: Даниял Сапарбай жартылай финалға шықты

Бокс 28 минут бұрын

World Boxing: Даниял Сапарбай жартылай финалға шықты

EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы Латвиядан жеңілді

Футбол 5 сағат бұрын

EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы Латвиядан жеңілді

Наурыз айының ең үздік жекпе-жегі белгілі болды

ММА/UFC 6 сағат бұрын

Наурыз айының ең үздік жекпе-жегі белгілі болды

Елдос Сметов: Ағылшын тілін үйрену қиынға соғып жатыр

Дзюдо 7 сағат бұрын

Елдос Сметов: Ағылшын тілін үйрену қиынға соғып жатыр

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі белгілі болды

Хоккей 7 сағат бұрын

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі белгілі болды