2 күн бұрын
Мемлекет басшысы Жәнібек Әлімханұлының бокс кешіне қатысады

5 сәуір күні Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде отандық және шетелдік спортшылардың қатысуымен тарихи бокс кеші өтеді! Шаршы рингте еліміздің үздік боксшылары өз шеберліктерін дәлелдейтін болады.
Бұл спорт шарасына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарланып отыр.
Кештің басты жекпе-жегінде IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) франциялық боксшы Анауэль Нгамиссингемен (14-0, 9 КО) күш сынасады. Одан бөлек, елордада басқа да танымал қазақстандық боксшылар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Сұлтан Заурбек, Батыр Жүкембаев, Балауса Мұздыман бар. Сондай-ақ, кәсіби рингте алғаш рет Махмұд және Төрехан Сабырхан ағайындылары дебют жасайды. Аса ауыр салмақтағы атақты өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов та шаршы рингке шығады.
Спорттық шараны насихаттау мақсатында промоушен-компания келесідей іс-шараларды ұйымдастырады:
- Ашықжаттығу
- 2 сәуір, 14:00- «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы
- Жекпе-жек алдындағы баспасөз конференциясы
- 3 сәуір, 14:00 - «Rixos President Astana» қонақ үйі, «Жерұйық» залы
- Боксшылардың салмақ өлшеу рәсімі
- 3 сәуір, 16:00 - «Rixos President Astana» қонақ үйі, «Жерұйық» залы
