2 күн бұрын
Назым Қызайбай: Тұрмысқа шыққаннан кейін боксты тастаймын

Фото: instagram/nazym_kyzaibai09
Бокстан үш дүркін Әлем чемпионы Назым Қызайбай отбасын құрғаннан кейінгі бокстағы мансабы жайлы ойын ортаға салды.
Бұл туралы ол Хабар телеарнасы ұсынған «Қызық TIMES» бағдарламасында сөз қозғады.
— Әркімнің өз таңдауы бар. Мысалы, жақында Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Біле білсеңіздер, Әйгерім – бес баланың анасы. Алайда меніңше, күйеуге шықаннан кейін боксты қою керек. Себебі, балаға тәрбие беретін ең бірінші адам – анасы. Егер спорттық мансапты жалғастырып, жиі жарыстарға қатысып, жаттығуларға уақыт бөлсең, балаңның өскенін, қалыптасуын толыққанды көре алмайсың. Сондықтан бұл тұрғыда менің өз ұстанымым бар, – деді Назым Қызайбай.
Еске салсақ, 31 жасар Назым Қызайбай жақында Сербияның Ниш қаласында өткен әлем біріншілігінде топ жарып, үш дүркін чемпион атанған еді.
