1 күн бұрын
Дмитрий Бивол келесі жекпе-жегінде кіммен шығады?

Жартылай ауыр салмақтағы (79,4 кг дейін) жаңа абсолют әлем чемпионы Дмитрий Биволдың қоспромоутері Эдди Хирн ресейлік боксшының келесі жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Бивол – Бетербиев арасындағы алғашқы жекпе-жектің нәтижесіне принц Турки Әл аш-Шейх қалай реакция білдіргенін ескерсек, мен трилогия болады деп күтемін. Бірақ Егер Жоғары Мәртебелі Биволдың Дэвид Бенавидеске қарсы шығуын қаласа – ешқандай мәселе жоқ», – деді Хирн Seconds Out YouTube арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Бетербиев – Бивол реваншы 23 ақпанға қараған түні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтті. Кездесуде Бивол жеңіске жетті (114-114, 116-112, 115).
