1 күн бұрын

World Boxing: Даниял Сапарбай жартылай финалға шықты

World Boxing: Даниял Сапарбай жартылай финалға шықты

Фото: pixabay.com

Бразилияда өтіп жатқан бокстан World Boxing аясында әлем кубогының бірінші кезеңіндегі екінші жарыс күнінде Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) жартылай финалға шықты.

Қазақстандық боксшы ширек финалда үндістандық Нарендер Нарендерді қапы қалдырды. Жекпе-жек тартысты өтті. Нәтижесінде Даниял қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді.


Айта кетсек, бүгін қазірге дейін ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) бразилиялық Луис Оливейра, Анита Адишева (54 келі) польшалық Виктория Рогалинскаяға есе жіберді.

Енді Нұрзат Оңғаров (50 келі) өзбекстандық Асылбек Жалилов, Алмат Әбдуали (65 келі) бразилиялық Юри Рейспен қолғап түйістіреді.

Сондай-ақ әлем кубогында еліміздің атынан ерлер құрамасында олардан басқа Дархан Дүйсебай (70 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) сайысқа түседі.

Әйелдер құрамасынан Анитадан өзге Жазира Орақбаева (51 келі) мен Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) бар.

Қарағандыда «Hokei Meiramy 2025» мерекесі өтеді

Футбол 5 сағат бұрын

Қарағандыда «Hokei Meiramy 2025» мерекесі өтеді

ISU рейтингі жаңарды: Михаил Шайдоров үздік үштіктің қатарында

Басқа 8 сағат бұрын

ISU рейтингі жаңарды: Михаил Шайдоров үздік үштіктің қатарында

Қазақстандық футболшы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Футбол 8 сағат бұрын

Қазақстандық футболшы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

«Астана» – «Ордабасы» арасындағы матчтың басталу уақыты өзгерді

Футбол 8 сағат бұрын

«Астана» – «Ордабасы» арасындағы матчтың басталу уақыты өзгерді

Top Rank Жәнібек Әлімханұлын туған күнімен құттықтады

Бокс 9 сағат бұрын

Top Rank Жәнібек Әлімханұлын туған күнімен құттықтады

Жәнібек Әлімханұлының қатысуымен баспасөз жиыны өтеді

Бокс 9 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлының қатысуымен баспасөз жиыны өтеді