04.04.2025

Сидней Олимпиадасына 25 жыл: АҚШ құрамасы алтынсыз қалған сәт

Сидней Олимпиадасына 25 жыл: АҚШ құрамасы алтынсыз қалған сәт

2025 жылы Сидней Олимпиадасына 25 жыл толып отыр. Арада ширек ғасыр өтсе де, бұл дода қазақ жанкүйерлерінің жадында жарқын жеңістермен сақталып қалды. Сол сәтте Қазақстаннан төрт боксшы финалға жолдама алып, ел қоржынына екі алтын мен екі күміс медаль салған болатын.

Алайда бұл Олимпиада АҚШ құрамасы үшін ерекше сәтсіз аяқталды. Олар 52 жылдан кейін алғаш рет алтын жүлдесіз қалды. Америкалық боксшылар Сиднейден бар болғаны екі күміс және екі қола медальмен оралды. Бұл нәтиже сарапшылар мен жанкүйерлер үшін күтпеген жағдай болды. Себебі, 1999 жылғы әлем чемпионатында АҚШ боксшылары төрт алтын медаль жеңіп алып, фавориттердің қатарында тұрған еді.

Бекзат Саттарханов – ел есінде қалған жеңіс

57 келі салмақта Қазақстан атынан сынға түскен Бекзат Саттарханов америкалық Рикардо Хуаресті 22:14 есебімен сенімді түрде жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды. Бұл кездесудің ерекшелігі – Хуарес 1999 жылғы әлем чемпионы және осыған дейін 68 жекпе-жекте жеңіліп көрмеген еді.

Жекпе-жек аяқталған соң, АҚШ құрамасы төрешілер шешімімен келіспей, ресми түрде шағым түсірді. Дегенмен, Халықаралық бокс федерациясы нәтижені өзгеріссіз қалдырды. Алайда ринг төрешісі – ресейлік Станислав Кирсанов төрешілік сапасына байланысты 4 жылға шеттетілді.

Гари Тони, АҚШ құрамасының менеджері:
«Бекзат айқастың көп бөлігінде қарсыласын құшақтап, жұдырықтасуға мүмкіндік бермеді. Мұндай сәттерде төреші ескерту жасап, ұпай шегеруі тиіс еді».
Рикардо Хуарес, АҚШ боксшысы:
«Клинч кезінде Бекзат төрешіге бірнеше рет өзге тілде сөйледі. Бұл – ережеге сай емес. Боксшы төрешімен сөйлеспеуі керек».

63,5 келідегі нәтиже: тағы бір америкалық жеңіліс

Келесі маңызды кездесулердің бірі — 63,5 келі салмақта өткен жекпе-жек. Бұл жолы өзбекстандық Мухаммадкадыр Абдуллаев америкалық Рикардо Уильямсты 27:20 есебімен ұтты.

Том Мастин, АҚШ құрамасының бас бапкері:
«Бұл Олимпиада біз үшін сәтсіз өтті. Бірақ боксшыларға еш өкпем жоқ. Олар болашақта кәсіпқой бокста өз есімдерін танытатынына сенімдімін. Әсіресе, Рикардо Хуаресті ерекше атап өткім келеді».

Сидней Олимпиадасы – Қазақстан бокс тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. Уақыт өтсе де, бұл тарихи сәттер спорт әлемінде ерекше орын алады.

Семсерлесуден Гран-при турниріне кімдер қатысады?

Басқа 1 сағат бұрын

Семсерлесуден Гран-при турниріне кімдер қатысады?

Софья Самоделкина айқын басымдықпен қысқы Спартакиадада топ жарды

Басқа 3 сағат бұрын

Софья Самоделкина айқын басымдықпен қысқы Спартакиадада топ жарды

12 жылдан кейінгі үміт: Қазақстанның қысқы спорт маусымы қалай өтті?

Басқа 3 сағат бұрын

12 жылдан кейінгі үміт: Қазақстанның қысқы спорт маусымы қалай өтті?

«20 жастағы боксшы Джалоловты ең мықты деген атақтан айырды»

Бокс 4 сағат бұрын

«20 жастағы боксшы Джалоловты ең мықты деген атақтан айырды»

Мұхаммед Салах «Ливерпульде» қанша табыс табады?

Футбол 5 сағат бұрын

Мұхаммед Салах «Ливерпульде» қанша табыс табады?

Мұхаммед Салах «Ливерпульде» қалады

Футбол 6 сағат бұрын

Мұхаммед Салах «Ливерпульде» қалады