2 күн бұрын

Назым Қызайбай жігіттердің қандай қасиетін бағалайды?

Назым Қызайбай жігіттердің қандай қасиетін бағалайды?

Боксшы Назым Қызайбайға қандай жігіттер ұнамайды? Ол бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.

  • Ешқандай талабым жоқ. Бірақ сенің оған көңілің болмаса, қайта-қайта жазып, мазаны алатын жігіттер ұнамайды. Сыйлайтын, құрметтейтін, тәрбиелі болғанын қалаймын. Мені ғана емес, жалпы қыздар қауымына сыйластығы болу керек.

Сонымен қатар, ол қоғамда үйленбей жүргендер жайлы да айта кетті.

  • Өзіме келетін болсам, көп адамдар, туысқандар «қашан тұрмысқа шығасың?» деп сұрап жатады. Мен ойлаймын, әр адамның өмірі өзінікі. Қашан тұрмысқа шыққым келеді, сол кезде шығамын. Қазіргі таңда оны ойламаймын. Негізі бұл сұрақты көп қоймау керек. Уақыты келгенде шығады. «Қашан күйеуге шығасың?» деген сұрақ ұнамайды. Туысқандардың арасында көп сұрайды. Тілек айтса да соны қосады. Жұбыңды тауып, отбасылы болуды көп айтып жатады. Соны естіп, шаршап кеттім. Адамдар неге басқа адамдардың жеке өміріне араласады деп түсінбеймін. Менің күйеуге шыққаным кімге, қандай пайда алып келеді деп ойлаймын. Әркімнің өз өмірі. Уақыты келгенде көреді. Қазір де бақыттымын! Өзімнің сүйікті ісіммен айналысамын. Барлығы бұйырған уақытта болады.


«Astana Team» «Схелдепрейс» жарысына қатысады

Басқа 12 минут бұрын

«Astana Team» «Схелдепрейс» жарысына қатысады

Милич Чурчич «Қызылжар» командасы бас бапкері болуы мүмкін

Футбол 18 минут бұрын

Милич Чурчич «Қызылжар» командасы бас бапкері болуы мүмкін

Бадминтоншы Дмитрий Панарин Азия чемпионатына жолдама алды

Басқа 3 сағат бұрын

Бадминтоншы Дмитрий Панарин Азия чемпионатына жолдама алды

Төрехан Сабырхан: Қай салмақта жұдырықтасатынымды анықтамадым

Бокс 4 сағат бұрын

Төрехан Сабырхан: Қай салмақта жұдырықтасатынымды анықтамадым

Дмитрий Бивол абсолютті чемпион атағынан айырылды

Бокс 5 сағат бұрын

Дмитрий Бивол абсолютті чемпион атағынан айырылды

Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Армениямен кездеседі

Футбол 5 сағат бұрын

Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Армениямен кездеседі