07.04.2025

Жәнібек Әлімханұлы рейтингтегі жағдайын жақсарта түсті

Жәнібек Әлімханұлы рейтингтегі жағдайын жақсарта түсті

Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12КО) кезекті жеңісінен кейін әлемдік рейтингіде жоғарылады.

BoxRec порталындағы ақпаратқа сәйкес, Жәнібек рейтингіде бір саты жоғарылап, 857 ұпаймен орта салмақта екінші орынға жайғасты. Бұл салмақта кубалық америкалық боксшы Эрисланди Лара (31-3-3, 19КО) көш бастаса, англиялық боксшы кіші Крис Юбанк (34-3, 25КО) үздік үштікті түйіндеді.

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атанса, сол жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

2015 жылдан бері кәсіпқой бокстағы жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас