08.04.2025

Жалоловтың қарсыласы: Жекпе-жекке бес күн қалғанда келісімшартты ұсынды

Жалоловтың қарсыласы: Жекпе-жекке бес күн қалғанда келісімшартты ұсынды

Астанада өткен бокс кешінде өзбекстандық Баходир Жалоловтан (15-0, 14 KO) жеңілген аса ауыр салмақтағы украиналық Игорь Шевадзуцкий (12-3, 10 KO) қазақстандық жанкүйерлерге алғыс білдірді.

35 жастағы украиналық боксшы – Жалоловтың мансабындағы жекпе-жекті төрешілер шешіміне дейін жеткізген алғашқы қарсылас. Себебі өзбектің алыбы бұған дейінгі айқастарының барлығын мерзімінен бұрын аяқтаған. 

«Жекпе-жекке аз уақыт қалғанда келістік. Дайындалуға, тіпті бірде-бір спарринг өткізуге мүмкіндік болмады. Жекпе-жекке бес күн қалғанда келісімшарт келді. Ал Астанаға айқасқа бір күн қалғанда жеттім. Сөйте тұра мен мұнда жеңілу үшін келген жоқ едім. Мұндай лайықты, мықты, ең үздік боксшылардың бірімен шаршы алаңды бөлісу – мен үшін үлкен құрмет. Ноунеймдермен жекпе-жек өткізіп, нәтижесіз қуанып жүргеннен осындай мықтылармен жұдырықтасқан артық.
Құдайға, командама және Баходир мен оның командасына алғыс айтамын. Қазақстан халқына керемет қолдау көрсеткені үшін ерекше ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға сәлем жолдаймын. Бәрі тамаша болды.
Әрине, жеңіліс ешкімге қуаныш әкелмейді. Бірақ мен өзім жақсы көретін іспен айналысып, рахатқа бөлендім. Жеңгім келгені рас, бірақ болған іс болды, оны өзгерте алмайсың», - деді Шевадзуцкий UBET.KZ YouTube арнасына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, екі алыптың айқасы бастапқыда жоспарланған он раундқа жалғасып, Жалолов төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Әлем кубогы: Қазақстандық төрт гимнаст финалға шықты

Басқа

Әлем кубогы: Қазақстандық төрт гимнаст финалға шықты

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке тағайындалды

Футбол 58 минут бұрын

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке тағайындалды

Коротков турнирі: Бүгін кімдер жұдырықтасады?

Бокс 60 минут бұрын

Коротков турнирі: Бүгін кімдер жұдырықтасады?

Чемпиондар лигасының жартылай финалдық жұптары анықталды

Футбол 1 сағат бұрын

Чемпиондар лигасының жартылай финалдық жұптары анықталды

 Эдуард Ким әлем кубогында қола жүлде алды

Басқа 8 сағат бұрын

 Эдуард Ким әлем кубогында қола жүлде алды

Әли Әлиев- Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері

Футбол 9 сағат бұрын

Әли Әлиев- Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері