08.04.2025
Дмитрий Бивол абсолютті чемпион атағынан айырылды

Фото: DAZN
Жартылай орта салмақтағы (79,2 келіге дейін) WBA, WBO, IBF, The Ring және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы, ресейлік боксшы Дмитрий Бивол WBC санатындағы белбеуден бас тартты.
Бұл туралы танымал журналист Дэн Рафаэль өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады.
Дереккөзге сүйенсек, Бивол WBC тұжырымы бойынша Дэвид Бенавидеспен (30-0, 24 КО) жекпе-жек өткізу керек еді. Алайда, Дмитрий мексикалық былғары қолғап шеберімен жұдырықтасудан бас тартты.
Қазіргі уақытта Дмитрий Бивол отандасы Артур Бетербиевпен үшінші жекпе-жекті өткізуге ниетті.
Осыған дейін Дмитрий Бивол (24-1-0, 12 КО) мен Артур Бетербиев (21-1-0, 20 КО) екі мәрте жұдырықтасқан. Алғашқы жекпе-жекте Бетербиев жеңіске жетсе, екінші айқаста Бивол қарымта қайтарды. Екі кездесудеде жеңімпаз төрешілердің шешімі бойынша анықталды.
