08.04.2025
Бақыт Сәрсекбаев бокста қазақ стилінің жоғалғанын айтты

Фото:
2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қазақстандық бокстағы басты проблема ретінде фирмалық стильдің жоғалғанын айтады, деп хабарлайды Sport12.kz ақпарат агенттігі «Ваня ағай» телеграм арнасына сілтеме жасай отырып.
- Бокста қазақ стилі жоғалып кетті деп ойлаймын. Біз бокс кезінде әрдайым аяқпен көбірек қозғалатын едік. Бір орында тұрмайтын едік. Қазіргі жастарымыз мүлдем басқа. Көбірек қозғалуға тырысқанның пайдасы зор. Тағы бір кемшілігіміз, жекпе-жек барысында жігіттер көп үзіліс жасайды. Жай тұрмау керек. Көбірек соққы жұмсасаң ұпай молаяды. Біз ондай кемшілікке жол бермедік. Қарсыласымыздан психологиялық тұрғыда мықты болуға тырыстық. Қарсылас екі-үш соққы жіберіп алған кезде өзіне деген сенімділікті жоғалта бастайды, - деді Сәрсекбаев.
