08.04.2025
Серік Қонақбаевтың естелігі: Геннадий Головкин кәсіпқой боксқа ауысуы керек

Бүгін Геннадий және Максим Головкиннің туған күні.
Осы орайда қазақ боксының аңызы Серік Қонақбаев 2004 жылғы Афина Олимпиадасынан кейін "Караван" газетіне берген сұхбатын еске түсіргенді жөн көрдік.
Қазақстан спортындағы басты мәселе неде?
— Балалар мен жасөспірімдер спортында толық тоқырау байқалады. Бізде жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау жүйесі бұзылған. Бұл жүйе өзінің тиімділігін жоғалтқан. Афина Олимпиадасының қорытындылары да соны дәлелдейді (1 алтын, 4 күміс, 3 қола).
Сіздің ойыңызша, соңғы буын спортшыларының ішінен кім өмірде табысқа жетуі мүмкін?
— Головкин деп ойлаймын (22 жастағы Головкин — 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері). Болашақта ол жақсы мемлекет қызметкері бола алады.
