11.04.2025

Төрехан Сабырхан қорада мал қиын тазалап жүр

Төрехан Сабырхан қорада мал қиын тазалап жүр

Астанадағы кәсіпқой бокс кешінде сынға түскен Төрехан Сабырхан қолына күрек алып, ауылда қи ойып жүр. 

Бұл жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба тарады. Онда белгілі былғары қолғап шеберінің қорада жұмыс жасап жатқаны көрсетілген.

Елордада өткен бокс кешінде жартылай орта салмақтағы жекпе-жек (69,9 келі) бойынша ол чехиялық Йиржи Хаукемен қолғап түйістірді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланды.

Кәсіпқой бокста алғаш рет жекпе-жекке шыққанымен Төрехан бірінші раундта сенімді ойын көрсетті. Жылдам соққы жұмсауға көңіл бөлді. 

Үшінші раундта Төрехан қарсыласына жойқын соққы жұмсап, қарсыласын нокдаунға жіберді.

19-жастағы Төрехан Сабырхан 2023 жылғы әлем чемпионы Махмуд Сабырханның туған інісі. Бұдан бұрын жастар және жасөспірімдер арасында әлем және Азия чемпионатында жоғары табысқа жеткен ол биыл Болгарияда өткен «Странджа кубогында» жеңіс тұғырынан көрінді.


Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Футбол

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Жеңіл атлетика

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Дарко Зорич: Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі түсіп кеткен

Футбол

Дарко Зорич: Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі түсіп кеткен

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Теннис

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Коротков турнирі: Алты боксшымыз алтынға таласады

Бокс

Коротков турнирі: Алты боксшымыз алтынға таласады

Жұмысшы мамандықтар жылы: футзалдан Бекзат Саттарханов кубогы үшін жарыс өтті

Футзал 2 сағат бұрын

Жұмысшы мамандықтар жылы: футзалдан Бекзат Саттарханов кубогы үшін жарыс өтті