2 күн бұрын
Жекпе-жексіз финал, Олимпиада реваншы: Ресейдегі турнирде кімдермен жұдырықтасамыз?

15–20 сәуір аралығында Ресейдің Хабаровск қаласында бокстан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді.
Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Ресей, Беларусь, Солтүстік Корея, Тунис, Моңғолия, Куба, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінен спортшылар қатысуда.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жек кестесі төмендегідей:
- 48 келі, 1/4 финал
- Михаил Прокопьев (Ресей) – Теміртас Жүсіпов (Қазақстан)
- 51 келі, 1/4 финал
- Амиршош Дзалолов (Ресей) – Бекзат Алдамжаров (Қазақстан)
- 54 келі, 1/4 финал
- Құрбан Байранбеков (Ресей) – Сәкен Бибосынов (Қазақстан)
- Жеңімпаз жартылай финалда екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовпен кездесуі мүмкін.
- 57 келі, 1/8 финал
- О Бум (Солтүстік Корея) – Дәулет Молдашев (Қазақстан)
- 60 келі, 1/4 финал
- Гандболд Довжнямбу (Моңғолия) – Бейбарыс Жексен (Қазақстан)
- 63,5 келі, 1/4 финал
- Абиль Мамедов (Ресей) – Жандос Қыдырәлиев (Қазақстан)
- 67 келі, 1/4 финал
- Титко (Беларусь) – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан)
- 71 келі, 1/8 финал
- Фарух Тоқтасынов (Қазақстан) – Дмитрий Захаров (Ресей)
- 92 келі, 1/4 финал
- Егор Плоцин (Ресей) – Сағындық Тоғамбай (Қазақстан)
- +92 келі, финал
- Рафик Мамедов (Ресей) – Нұрлан Сапарбай (Қазақстан)
