1 күн бұрын
Бокстан Әлем чемпионы Аида Әбікееваға жерлестері көлік сыйлады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан Әлем чемпионы Аида Әбікееваға Қарағанды облысының бокс федерациясы темір тұлпар мінгізді.
Қарағанды облыстық бокс федерациясының президенті Камалутин Халиков Аидаға Chevrolet Monza көлігінің кілтін табыстады.
Сондай-ақ, бұрымды былғары қолғап шеберінің бапкері Ислам Абдраимовқа 3000 доллар (1,5 миллион теңге) көлеміндегі ақшалай сертификат тарту етілді.
Еске салсақ, Аида Әбікеева Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған еді.
