2 күн бұрын
«Жібек жолы» турнирі: Қазақстан әйелдер құрамасынан 2 боксшы чемпион атанды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы қанша медаль алғаны белгілі болды.
Ел құрамасы аталған турнирде 2 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль алды.
Қазақстандық боксшылар аарсынан Элина Базарова (54 келі) әзербайжандық Дарья Пантелеева, Виктория Байдукова( 57 келі) ресейлік Дария Абрамованы тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Ал Анжа Сәдуақасова (52 келі) әзербайжандық Зейнаб Рахимоваға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Сондай-ақ ел құрамасынан Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Элянур Тұрганова (50 келі), Томирис Мырзақұл (52 келі), Сымбат Әлиасқар (54 келі), Азиза Исина (70 келі) және Дина Исламбекова (81 келіден жоғары) қола жүлдегер атанды.
Еске салсақ, қазақстандық алты боксшы финалға шықты.
